Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің «Достық» балаларды мәдени - сауықтыру кешені» КММ, «Гид – экскурсовод» үйірмесінің мұғалімі Абильдинова Ж. И. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» мен «Балалар жылына» арналған «Тарихтың қырлары: бастауынан қазіргі заманға дейін» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция (бұдан әрі-ҒПК) өткізді. ҒПК үш бөлімнен тұрды: 1) Тарих; 2) Өлкетану; 3) Этномәдениеттану. Жалпы ауданның әртүрлі жалпы білім беретін мектептерінен 9 оқушы қатысты. Конференция барысында оқушылар өздерін белсенді көрсетті, әрқайсысы жеке-жеке презентация жасап, ғылыми қызметте өз дағдыларын көрсетті. Үздік жұмыстарды анықтау үшін қазылар алқасының құрамы бекітілді, оның құрамына: Қасымов Еран Амангелдіұлы – «Достық» КММ бұқаралық бөлімінің меңгерушісі, Біртаева Ғалия Сейтқанқызы-«Достық» КММ директорының оқу – тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, Сағындықов Акежан Бауыржанұлы – «Достық» КММ қосымша білім беру мұғалімі кірді. ҒПК нәтижелері бойынша «Тарих» бөлімінде оқушылар келесі орындарға ие болды: 1 орын – Айтуарова Жаннур Маратовна; 2 орын - Сальников Никита; 3 орын - Ибрагим Айым Танатқызы. «Өлкетану» бөлімінде: 1 орын – Дитаев Аян Талғатұлы; 2 орын – Берденова Анара Жагопаровна; 3 орын – Янибекова Айсұлу Асхатқызы. «Этномәдениеттану» бөлімінде: 1 орын – Бекеева Гүлназ Марленқызы; 2 орын -Бушман Жансезім; 3 орын – Әкімбек Нұрайым. Барлық қатысушылар мақтау қағаздармен және сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушылар мен ғылыми жетекшілерге зор алғысымызды білдіреміз.
https://kgudostyk.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/101-kmm-gid-ekskursovod-jirmesini-m-alimi-abildinova-zh-i-aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdigi-k-ni-men-balalar-zhylyna-arnal-an.html#sigFreeIdfa3efd3d94
https://kgudostyk.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/101-kmm-gid-ekskursovod-jirmesini-m-alimi-abildinova-zh-i-aza-stan-respublikasyny-t-uelsizdigi-k-ni-men-balalar-zhylyna-arnal-an.html#sigFreeId0101f4759d






